PayPal
From Wikipedia, the free encyclopedia
PayPal Holdings, Inc (Пейпал Холдингс Инк.) — американдық компания, әлем бойынша онлайн-төлем жүйесі қызметін көрсетеді. Онлайн ақша аударымдары чектер мен ақша аударымдары сияқты дәстүрлі қағаз әдістерін электрондық нұсқасында қызмет етеді. PayPal әлемдегі ең ірі Интернет-төлемдерінің бірі.[5] Компания онлайн сатушы, аукцион сайттар және басқа да коммерциялық пайдаланушыларға төлем жүйесі ретінде жұмыс істейді, осы үшін төлемақы алады.
PayPal Holdings, Inc. | |
Түрі | |
---|---|
Биржадағы листингі | |
Құрылды |
желтоқсан 1998; Үлгі:Years or months ago (1998-12) (Confinity ретінде) |
Құрушы |
Макс Левчин |
Орналасуы |
2211 North First Street, Сан Хосе |
Басты адамдары |
Джон Донахью (төраға) |
Саласы |
Қаржылық қызметтер |
Өнімі |
= Кредиттік карталар, төлем жүйелері |
Айналым |
▲ US$9,24 млрд (2015)[1] |
Операциялық кірісі |
▼ US$0,76 млрд (2016)[1] |
Таза табыс |
▲ US$1,22 млрд (2015)[1] |
Қызметкерлер саны |
15 800 (2015)[1] |
Бөлімшелер |
Braintree |
Басшы компания |
eBay (2002–2014) |
Тілдері |
C++,[2] JavaScript (as Node.js),[3] Python[4] |
Статусы |
белсенді |
Жарнамалаушылар |
жоқ |
Аудитор | |
Сайты |
1998 жылы негізделген,[6] PayPal IPO-ға 2002 жылы шығарылды, осыдан кейін толықтай eBay еншілес компаниясына айналды.[7][8]
2014 жылы PayPal жүйесі арқылы 26 валютада 190-нан астам елде 228 миллиард доллар көшкен, жалпы түсім мөлшері - $7,9 млрд генерациялаған (eBay-дің жалпы түсімінің 44%-ы).[9] Сол жылы компания 2015 жылдың ортасында PayPal төлем жүйесін дербес компания ретінде бөлу жоспарлары туралы жариялады, бұл жұмыс 2015 ж. 18 шілдеде аяқталды [10] 2015 жылғы 20 шілдеде, PayPal екінші IPO-сын өткерді, компания $46,6 млрд.-қа бағаланды[11]