Гимнастика
From Wikipedia, the free encyclopedia
Гимнастика[1] – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және дененің сымбатты дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo – жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған. Гимнастика спортшыларының халықаралық одағы (FІG) 1897 ж. ұйымдастырылған. Қазақстан оған 1994 жылдан мүше.[2]