Төлеген Тоқтаров
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тоқтаров Төлеген (19.12. 1920, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қарақұдық ауылында туды- 9.2. 1942, Ресей, Мәскеу облысы Бородино ауылы) – Екінші дүниежүзүлік соғыстың қаһарманы, қатардағы гвардия жауынгері.
- 19 желтоқсанда 1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қарақұдық ауылында дүниеге келген.
- Соғыс қарсаңында Риддер қаласы маңындағы қорғасын зауытында жұмысшы болды.
- Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың желтоқсанында шақырылып, Калинин майданы 3-екпінді армия 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы 1075-полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Дивизияның «Отан үшін» газеті ержүрек автоматшының бір тәулік ішінде жаудың 150-ден астам әскері мен офицерін жойғаны туралы жазды. Батыл да бекем қимылдайтын Төлеген жауынгерлерді сан рет жауға бастап шыққан. 1942 жылы 5 ақпанда Т.Нагаткино ауылына алдыңғылардың қатарында кіре отырып, жаудың 7 әскерін жойып, екеуін тұтқындады. 1942 жылы 9 ақпанда Бородино ауылы үшін болған кескілескен ұрыста рота жауынгерлері жаудың қарсы шабуылынан бас көтермей әрі дұшпан мен ротаның ара қашықтығы 100 м қалған да ол қасындағы 4 жауынгермен алға ұмтылып, ротаны шабуылға бастады. Жау кейін шегінді. Қаһармандығы мен батылдығы үшін Тоқтаровқа қаза тапқаннан кейін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (30.1.1943)[1].
Quick Facts Төлеген Тоқтаров, Туған күні ...
Төлеген Тоқтаров | |
---|---|
Туған күні | 19 желтоқсан 1920 (1920-12-19) |
Туған жері | Ұлан ауданы, Шығыс Қазақстан облысы |
Қайтыс болған күні | 10 ақпан 1942 (1942-02-10) (21 жас) |
Қайтыс болған жері | Бородино селосының маңы |
Мемлекет | КСРО |
Әскер түрі | Артилерия |
Қызмет еткен жылдары | 1941-1942 |
Әскери бөлімі | 23-гвардиялық атқыштар полкі |
Шайқасы | ҰОС |
Close
Ол туралы композитор Р.Елебаев «Жас қазақ» ән-реквиемін (1942), ақын Н.Баймұратов «Ер Толеген» (1945) дастанын жазды. Риддер полиметалл комбинатының аумағында батырға ескерткіш орнатылып, Төлеген оқыған №10 мектепке оның есімі берілген. Өскемен, Риддер, Алматы қалаларының бір көшесі Төлеген есімімен аталады. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.[2]