Дания
From Wikipedia, the free encyclopedia
Дания (дат. Danmark [ˈd̥ænmɑɡ̊]), ресми — Дания Патшалығы (дат. Kongeriget Danmark) — Солтүстік Еуропадағы мемлекет. Ол Ютландия түбегінде және Дания архипелагында орналасқан.
Дания Патшалығы дат. Kongeriget Danmark | |||||
| |||||
Ұран: «Guds hjælp, Folkets kærlighed, Danmarks styrke[1] (Құдайдың көмегі, халықтың махаббаты, Данияның қуаттылығы)» | |||||
Әнұран: «Der er et yndigt land» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Құрылды | VIII ғасыр | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | дат тілі[2] | ||||
Елорда | Копенгаген | ||||
Ірі қалалары | Копенгаген, Орхус, Оденсе Ольборг | ||||
Үкімет түрі | Конституциялық монархия | ||||
Ханшайымы Премьер-министрі |
II Маргрете Метте Фредериксен | ||||
Мемлекеттік діні | Лютерандық | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 130-шы орын 43 094[3] км² 1,6 | ||||
Жұрты • Сарап (2019) • Тығыздығы |
▲ 5 814 461[4] адам (112-ші) 135,43 адам/км² | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
299 млрд.[5] $ (52-ші) 51,643[5] $ (19-шы) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
370 млрд.[5] $ (34-ші) 63,829[5] $ (6-шы) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,929[6] (өте жоғары) (11-ші) | ||||
Этнохороним | даттықтар, даттық | ||||
Валютасы | дат кронасы | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .dk | ||||
ISO коды | DK | ||||
ХОК коды | DEN | ||||
Телефон коды | +45, +298 (Фарер аралдары), +299 (Гренландия) | ||||
Уақыт белдеулері | +1, жазда UTC+2 |
Дания Орталық еуропа жазығының солтүстігінде Еуропа мен Скандинавия түбегі аралығында орналасқан. Бұл корольдік ІХ ғасырдан бастап өмір кешуде.
Дания солтүстігінен оңтүстігіне қарай 360 км және шығыстан батысқа қарай 480 км созылған.Дания аумағы 43 093 км 2 ( Гренландия мен Фарер аралын қоспағанда).Мемлекеттің үлкен бөлігі (29 776 км² ) Ютландия түбегінде орналасқан. Дат архипелагына 500 аралдар кіреді. Олар негізінен Ютландия шығысында Балтық және Каттегат бұғазы аралығында орналасқан.Ауданы 12 729 км² ,ал Борнхольм аралы Балтық теңізіндегі – 588 км² .Данияның жағалауының ұзындығы 7438 км құрайды.
Дания құрғақ жер арқылы тек қана Германиямен шекараланады.Бұл шекара ұзындығы 68 км созылған.Шығысында Дания Швециямен шекараланады,ол Эресунн (Зунд) және Каттегат бұғаздары арқылы өтеді,солтүстігінде Скагеррак бұғазы Данияны Норвегиядан бөліп тұрады.Дания солтүстік теңіз шельфінің шығыс бөлігі болып табылады.Сонымен қатар Дания құрамына алдыңғы колонияларыда кіреді.Олар Фарер аралдары және Гренландия аралы,бұлардың парламентте өз өкілдері бар.
Фарер аралы Шотландияның солтүстігінде 375 км ұзақтықта орналасқан.Оның аумағы 1399 км² құрайды.Олар Дания билігінде 1380 жылдан бастап болған,тек қана 1948 жылдан өздерін басқару құқығын алды. Гренландия – көлемі жағынан ең үлкен арал,аумағы 2 175 600 км² , бірақ оның тек 341 700 км² мұздан арылған.Гренландия Данияның 1729 жылдан колониясы болған, 1953 жылы мемлекет бөлігі ретінде қабылдады,ал 1979 жылы автономия статусы берілді.
Салалық өнеркәсіп құрылымы.Жалпы ішкі өнімдегі ауылшаруашылық,орман шаруашылығы және балық ұқсату салаларының көлемі— 3%,өнеркәсіп — 21%,қызмет көрсету–76% (2006 жыл).