Дипломат
From Wikipedia, the free encyclopedia
Дипломат (көне грекше: δίπλωμα) —
- мемлекеттің сыртқы істер министрлігінде немесе осы мекеменің шет елдердегі өкілдіктерінде қызмет атқаратын, арнайы кәсіби білімі, даярлығы және дипломатиялық дәрежесі бар мемлекеттік қызмет адамы. Қазақстан Республикасында осы сала бойынша арнайы мамандар бірнеше жоғары оқу орындарында даярланады.[1]
- адамдармен қарым-қатынастарға шеберлікпен түсетін адам.[2]
Дипломатиялық иммунитет — шетел дипломатиялық өкілдіктеріне және олардың қызметкерлеріне берілген, жеңілдіктің, артықшылықтардың және дүние-мүліктің жиынтығы.[2]
Дипломатиялық корпус —
- берілген мемлекетте аккредиттелген шетел дипломатиялық өкілдіктері басшыларының жиынтығы;
- дипломатиялық өкілдіктердің барлық дипломатиялық қызметкерлері және олардың отбасыларының мүшелері.[2]
Дипломатиялық курьер — өз елінін шетел істері ведомствосынан осы мемлекеттің шетелдегі дипломатиялық өкілдеріне және керісінше дипломатиялық поштаны жеткізу қызметін орындайтын лауазымды тұлға.[2]
Дипломатия — мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асырудың бір тәсілі. Дипломатия сыртқы саясаттың және шетелдегі өз мемлекеті мен жекелеген азаматтарының мүдделерін қорғауға ықпал ететін мемлекет басшылары, үкіметтер, сыртқы қатынастар органдары және тікелей депутаттардың ресми іс-әрекеті түрінде жүзеге асады.[2]
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9
Бұл заң саласына арналған жаңа мақалаға бастама. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесуіңізді сұраймыз.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мамандық бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |