Ендік
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ендік — жер бетіндегі нүктелердің орнын аныктайтын географиялық координаттардың бірі.
Астрономиялық ендік және геодезиялық ендік деп сараланады.[1].
Астрономиялық ендік — жер бетінің мәлім нүктесіндегі тік сызық бағытының аспап экваторының жазықтығымен түзетін бұрыш, Жердің айналу осінің осы нүкте горизонтының жазықтығымен түзетін бұрышқа тең болады. Пункттердің ендіктері аспан шырақтарын және әрбір пунктті басқа пункттерден тәуелсіз бақылау арқылы анықталады. Жер беті нүктесінің геодезиялық ендігі — осы нүкте арқылы өтетін нормальдың референц-эллипсоид бетіне оның экватор жазықтығымен құрылатын бұрыш. Тек бір ғана пункттердің астрономиялық және геодезиялық ендіктері тік сызықтардың осы пункттердегі референц-эллипсоидке нормалдардан ауытқуынан бір-бірінен өзгеше болады. Астрономиялық және геодезиялық ендіктер 0-ден 90°-қа дейін өзгереді, Солтүстік жарты шардағы нүктелер үшін "солтүстіктік" немесе "оң", Оңтүстік жарты шардағы нүктелер үшін "оңтүстіктік" немесе "теріс" деп аталады.[2]