Жаңа Зеландия
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жаңа Зеландия (ағылш. New Zealand, мао. -{Aotearoa}-) — Тынық Мұхиттың оңтүстік-батыс жағында орналасқан екі (Солтүстік және Оңтүстік деп аталатын) аралдан, сонымен қатар басқа да ұсақ аралдардан (Стьюарт, Чатем, Кермадек, Кэмпбелл, т.б.) аралдарда орналасқан тәуелсіз мемлекет.
Жаңа Зеландия ағылш. New Zealand мао. -{Aotearoa}- | |||||
| |||||
Әнұран: «God Defend New Zealand» «Құдай, Жаңа Зеландияны қорға» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | Доминион: 26 қыркүйек 1907 жыл Вестминстер статуты: 11 желтоқсан 1931 жыл (25 қараша 1947 жылы қабылданды) Конституция жарғысы: 13 желтоқсан 1986 жыл (Британ империясынан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | ағылшын, маори тілдері, жаңа зеландия ишарат тілі | ||||
Елорда | Веллингтон | ||||
Ірі қалалары | Окленд, Веллингтон, Крайстчерч, Гамильтон, Данидин, Тауранга | ||||
Үкімет түрі | Унитарлы парламенттік конституциялық монархия | ||||
Патшасы Генерал-губернаторы Премьер-министрі |
III Чарльз Синди Киро Кристофер Лаксон | ||||
Мемлекеттік діні | зайырлы мемлекет | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 75- орын 268,021 км² 1.6 | ||||
Жұрты • Сарап (2023) • Санақ (2018) • Тығыздығы |
5,142,140 адам (120-) 4,699,755 адам 18.2 адам/км² (203-) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды • Жан басына шаққанда |
199 млрд.[1] $ (2018) 40.266[1] $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
206 млрд.[1] $ 41.616[1] $ | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0.917[2] (өте жоғары) (16-) | ||||
Валютасы | Жаңа Зеландия доллары (NZD, Код 554) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .nz | ||||
ISO коды | NZ | ||||
ХОК коды | NZL | ||||
Телефон коды | +64 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC−12:00 |
Жергілікті Маори ұлты Жаңа Зеландияны Аотиароа (Ұзын Ақ Бұлт Елі) деп атайды. Жаңа Зеландия қарамағына сонымен қатар Куук аралдары Найю (өзін-өзі басқарғанымен еркін құрамында); Токелау; Росс Тәуелділігі (Жаңа Зеландияның Антарктикадағы территориясы).
Халқының басым бөлігі Еуропалықтар, ал ежелгі Маори тұрғындары ең ірі кіші ұлттардың бірі, Азиялықтар мен Маориге жатпайтын Полинезиліктер көбінесе урбанды аудандарда кезедеседі.
Жер аумағы – 270,5 мың км². Бұған қоса Жаңа Зеландия Антарктиканың бір бөлігін (жалпы аумағы 414,4 мың км²) сырттай меншіктенеді. Астанасы – Веллингтон. Халқы – 4,9 млн. адам (2021). Тұрғындардың 79,5%-ы – жаңазеландықтар (негізінен, Ұлыбританиядан шыққан еуропалықтар), 14,5%-ы – маорилер (жергілікті тұрғындар), 6%-ы – азиялықтар, полинезиялықтар, т.б. этникалық топтар. Ресми тілі – ағылшын тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің протестант тармағын ұстанады. Жаңа Зеландия – Британ Достастығына кіретіндіктен, мемлекет басшысы Ұлыбритания королевасы болып есептеледі. Оны 5 жылға генерал-губернатор тағайындайды. Заң шығарушы органы – бір палаталы парламент. Атқарушы билік премьер-министр басқаратын үкіметтің қолында. Министрлер Кабинеті жеңіске жеткен партия мүшелерінен жасақталады. Ақша бірлігі – Жаңа Зеландия доллары. Әкімшілік жағынан 10 провинцияға бөлінеді. Ұлттық мерекесі – Вайтанга күні (6 ақпан). Осы күні (1840 ж.) Ұлыбритания үкіметі мен жергілікті маори тайпалары Вайтанга өзені бойында келісімге келіп, жергілікті тайпалар, еуропалық қоныс аударушылар және Ұлыбритания біріккен корольдігі арасындағы қарым-қатынас анықталды.