Перу
On'tu'stik Ameri'kadag'y el / From Wikipedia, the free encyclopedia
Перу (ис. Perú, кеч. Piruw, айм. Piruw), ресми атауы — Перу Республикасы (ис. República del Perú [reˈpuβlika ðel peˈɾu], кеч. Piruw Mama Llaqta [piˈruw ˈmama ˈʎaχta], айм. Piruw Suyu [piˈruw ˈsuju]) — Оңтүстік Америка құрлығының батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 1,28 млн. км², астанасы — Лима қаласы. Халқы 33,3 млн-ға жуық (2021), 50%-ын — перуліктер (испан тілді метистер, креолдар), 49%-ын үндістер, 1%-ын жапондар мен америкалықтар құрайды. Ресми тіл есебінде испан және жергілікті үндістердің кечуа мен аймара тілдері қолданылады. Тұрғындарының 90%-ы — католиктер. Мемлекет басшысы — президент, үкімет басшысы — Министрлер Кеңесінің төрағасы. Жоғары заң шығарушы органы — бір палаталы демократиялық конгресс. Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 28 шілде (1821). Әкімш. жағынан 24 департамент пен 1 конституц. провинцияға бөлінеді. Ақша бірлігі — жаңа соль. Перу БҰҰ-ның (1945), Америка мемлекеттері ұйымының (1948) мүшесі.
Перу Республикасы ис. República del Perú кеч. Piruw Mama Llaqta айм. Piruw Suyu | |||||
| |||||
Ұран: «Somos libres, seámoslo siempre (Біз боспыз, әрдайым болайық)» | |||||
Әнұран: «Somos libres, seámoslo siempre» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 28 шілде 1821 жыл (Испания-дан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | испан тілі — мемлекеттік тіл, американдық үндістердін халқының басымдылығымен өңірлерде ресми тілдер бар кечуа тілі, аймара тілі және басқа да жергілікті тілдер[1] | ||||
Елорда | Лима | ||||
Ірі қалалары | Лима, Арекипа, Трухильо | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Президенті Вице-президенті Премьер-Министрі |
Дина Болуарте ваканттық Педро Ангуло Арана | ||||
Мемлекеттік діні | зайырлы мемлекет | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 19-шы орын 1 285 216 км² 0,41 | ||||
Жұрты • Сарап (2019) • Санақ (2017) • Тығыздығы |
32 495 510[2] адам (43-ші) 31 237 385 адам 23 адам/км² (198-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
458,389 млрд.[3] $ (36-шы) 14,252[3] $ (85-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
239,218 млрд.[3] $ (41-ші) 7,118[3] $ (80-шы) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,750[4] (жоғары) (89-шы) | ||||
Этнохороним | перулер перуандықтар | ||||
Валютасы | Перу жаңа солі (PEN, код 604) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .pe | ||||
ISO коды | PER | ||||
ХОК коды | PER | ||||
Телефон коды | +51 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC−5:00 |