Ташкент
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ташкент (өзб. Toshkent, Тошкент) — Өзбекстанның елордасы, Ташкент уәлаятының әкімшілік орталығы, халық саны жөнінен ТМД елдерінде 3-ші орында, Орталық Азияның ең көне қалалардың бірі.
Қала | |||||||||
Ташкент | |||||||||
өзб. Toshkent | |||||||||
Сағат тілімен: Түнгі Tashkent City бағы, «Бунёдкор» стадионы, Әзірет Имам кешені, Қала орталығы, Темірлер әулеті мұражайы, Жоғарғы Мәжіліс ғимараты, Кафедралды соборы, Цирк ғимараты, Қалалық аквапарк | |||||||||
| |||||||||
Әкімшілігі | |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ел |
ӨзбекстанӨзбекстан | ||||||||
Статусы |
Астана | ||||||||
Ішкі бөлінісі |
11 аудан | ||||||||
Хәкімі |
Шавкат Умрзаков | ||||||||
Тарихы мен географиясы | |||||||||
Координаттары |
41°18′ с. е. 69°16′ ш. б.41.300° с. е. 69.267° ш. б. / 41.300; 69.267 (G) (O) (Я) | ||||||||
Алғашқы дерек |
II ғ. б. э. б. | ||||||||
Бұрынғы атаулары |
Шаш (Мадина-аш-Шаш), Бинкет (Бинкат) | ||||||||
Қала статусы |
1930 жыл | ||||||||
Жер аумағы |
334,8[1] км² | ||||||||
Орталығының биiктігі |
455 м | ||||||||
Климаты |
қатаң континенталды | ||||||||
Уақыт белдеуі | |||||||||
Тұрғындары | |||||||||
Тұрғыны |
▲ 2 571 700 адам (2019) | ||||||||
Тығыздығы |
7535 адам/км² | ||||||||
Агломерация |
3 000 000 шамасы | ||||||||
Ұлттық құрамы |
өзбектер — 63,0 %, | ||||||||
Конфессиялар |
мұсылмандар, христиандар, атеисттер және басқалары | ||||||||
Этнохороним |
ташкенттік, ташкенттіктер | ||||||||
Ресми тілі | |||||||||
Сандық идентификаторлары | |||||||||
Телефон коды |
+998 71 | ||||||||
Пошта индексі |
100000-100214[3] | ||||||||
Автомобиль коды |
01-09 | ||||||||
Басқалары | |||||||||
Марапаттары | |||||||||
tashkent.uz | |||||||||
Ортаққордағы санаты: Ташкент |
2006 жылы қаланың ресми түрде тіркелген тұрғын саны 2,1 миллион болды, бейресми деректер бойынша 3 миллионға дейін жетті.
Орта ғасырлар заманында қала «Шаш» деп аталды. Кейінірек ол «Шаш қаласы» деген мағына беретін «Шашкент» деп атала бастады. Канд, қанд, кент, кад, кат, куд, осы жалғаулардың бәрі көне парсы тілінен алынған, ол "қала" дегенді білдіреді. Мысалы, Самарқан, Жаркент, Пенжакент сияқты қалалардың аттары осылай пайда болған.
XVI ғасырдан кейін Шашкент деген атау «Ташкент» деген түрге өзгерді. Түсініксіз ескі атауына қарағанда жаңа атау («Тас қала») халық этимологиясының арқасында түсініктірек бола бастады. Ташкент деген түрі орыс тілінің әсерінен қалыптасқан.