Тонга
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тонга (тонг. Tonga, ағылш. Tonga [ˈtoŋa]), ресми атауы — Тонга Корольдігі (тонг. Puleʻanga Fakatuʻi ʻo Tonga, ағылш. Kingdom of Tonga) – Тынық мұхиттың оңт. бөлігінде орналасқан мемлекет. Құрамына Тонга, Вавау, Хаапай, Тонгатапу, т.б. шағын аралдар (барлығы 172) енеді. Жер аум. 748 км2. Халқы 104 мың (2001). Ресми тілі – тонга және ағылшын тілдері. Тұрғындарының 50%-ға жуығы протестанттар, қалғандары католиктер мен жергілікті христиан-сектанттар (мормондар). Елде негізінен полинезиялық-тонгалықтар (98%), сондай-ақ ағылшындар, ағылшын-австралиялықтар тұрады. Мемлекет басшысы – король. Жоғ. заң шығарушы органы – бір палаталы парламент. Астанасы – Нукуалофа қ. (Тонгатапу аралында орналасқан). Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 4 маусым (1970). Әкімш. бөлініс жағынан 5 округке бөлінеді. Ақша бірлігі – паанга. Тонга – БҰҰ-ға, Британ Достастығына мүше.
Тонга Корольдігі тонг. Puleʻanga Fakatuʻi ʻo Tonga ағылш. Kingdom of Tonga | |||||
| |||||
Ұран: «Ko e ʻOtua mo Tonga ko hoku tofiʻa» | |||||
Әнұран: «Ko e fasi ʻo e tuʻi ʻo e ʻOtu Tonga» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 4 маусым 1970 жыл (Ұлыбританиядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | тонга және ағылшын тілдері | ||||
Елорда | Нукуалофа | ||||
Ірі қаласы | Нукуалофа | ||||
Үкімет түрі | Конституциялық монархия | ||||
Патша Премьер-министрі |
VI Тупоу Акилиси Похива | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 175-ші орын 748 км² 4 | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Тығыздығы |
100 651[1] адам (189-шы) 139 адам/км² (76-шы) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
655 млн. $ 6,496[2] $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
493 млн. $ 4,888[3] $ | ||||
АДИ (2014) | ▲ 0,717[4] (жоғары) (100-ші) | ||||
Валютасы | Паанга | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .to | ||||
ISO коды | TO | ||||
ХОК коды | TGA | ||||
Телефон коды | +676 | ||||
Уақыт белдеулері | +13 |