Абдолла Ахметұлы Розыбакиев
From Wikipedia, the free encyclopedia
Абдолла Ахметұлы Розыбакиев[1](31 қазан 1897 жыл, Верный уезінің, Көлжат ауылы – 28 қараша 1937 жыл) — ұйғыр текті кеңестік қоғам қайраткері. 1917 ж. сәуірде Верный (Алматы) қалалық мұсылман жұмысшылар одағының хатшысы болып сайланды. 1918 ж. Жетісу облыстық ревкомына мүшелікке өтті.
Абдолла Ахметұлы Розыбакиев | |
ұйғ. Абдулла Ахмет огли Розибакиев | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
белгісіз |
Азаматтығы | |
Білімі |
Верный мұғалімдер семинариясы |
Ұлты | |
Партиясы | |
Ол Ораз Жандосов, Павел Виноградов, Тоқаш Бокин, т.б. қоғам қайраткерлерімен бірге Жетісу өңірінде Кеңес үкіметін орнатуға қатысты. 1920 жылдың көктемінде Жаркент уездік, қалалық ревкомының төрағасы болып тағайындалды. Сол жылдың соңында өзі ұйымдастырған ерікті ұйғыр полкінің комиссары ретінде Ферғана “даласында” басмашыларға қарсы күреске қатысты. 1921 ж. тамызда БК(б)П Жетісу облыстық комитетінің хатшылығына әрі облыстық “Қосшы” одағының төрағалығына сайланды.
1924 ж. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік межелеу жөніндегі комиссияның мүшесі болды. 1925 – 27 ж. Мәскеудегі коммунистік университетте оқыды. БК(б)П Қызылорда округтік комитетінің бірінші хатшысы (1929, мамыр – 1930, наурыз), Қазақ АКСР-інің дайындау комиссары (1930 жылдың соңы – 1932 ж.), Шығыс Қазақстан облысының Павлодар аудандық (кейін округтік) партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды.[2][3]
Өмірінің соңғы жылдары Қазақстан КП ОК-нің баспасөз және баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 1921 ж. маусым айының басында Ташкентте, кейін Алматыда ұйғыр тілінде шыға бастаған “Камбағарлар авази” (“Кедей дауысы”) газетін ұйымдастырушы әрі редакторы болды. 1937 ж. саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. Алматы қаласындағы бір көшеге Розыбакиев есімі берілген.[4]