From Wikipedia, the free encyclopedia
Абдул Калам Авұл Пәкір Жайнулабдин (Abdul Kalam, Avul Pakir J(inulabdeen) (15 қазан 1931, Рамашварам, Үндістан), (2002 ж. бері) Үндістан президенті. Мадрас технологиялық институтын тәмамдаған Камал кейін үнді зымырандары мен ядролық бағдарламаларын жасауда үлкен рөл атқарды. Оның бағдарламасымен жасалған зымырандардың бірнеше сәтті ұшырылымынан соң «зымыран-адам» деген атқа ие болады. 1990 жылдардан бастап үкімет жанындағы ғылыми мәселелер жөніндегі кеңесші болып жұмыс істейді, ал оның (1998) үнді ядролық қаруын жасап шығарудағы рөлі оны халық қаһарманы етті. 2002 жылы үнді Ұлттық Демократиялық бірлестігі мұсылман Камалды К.Р.Нараянның орнына президенттікке ұсынады. 2002 жылы Камал сайлауда жеңіп шығып, ұлықтау салтанатында Үндістанды дамыған елге айналдыру үшін ғылым мен технологияны пайдалануға уәде береді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.