![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/a3/World_Navy_Aircraft_carries_in_scale.png/640px-World_Navy_Aircraft_carries_in_scale.png&w=640&q=50)
Авиатасығыш
From Wikipedia, the free encyclopedia
Авиатасығыш — негізгі ұрыс қаруы палубалық ұшақтар мен тікұшақтар болып табылатын ауыр әскери кеме. Тұңғыш рет 1 дүние жүзілік соғыста пайдаланылған. 2 дүние жүзілік соғыста АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, және Франция флоттарында қолданылды. Кейіннен, әсіресе, АҚШ әскери-теңіз флотында жетілдіріле түсті. Көп мақсатты, ұрыстық, сүңгуірқайық жойғыш, атом қарулы, т.б. түрлерге бөлінеді. Авиатасығыш 100-ге жуық ұшақтардың өз палубасынан ұшуы мен қонуын қамтамасыз ете алады. Қазақстан Қарулы Күштерінде авиатасығыш әзірше қолданыста жоқ.[1]