Авиациялық бомба

From Wikipedia, the free encyclopedia

Авиациялық бомба

Авиациялық бомба — ұшу аппараттарынан түсірілетін авиациялық оқ-дәрінің түрі. Ол корпустан, жабдықтардан (жарғыш заттар, ертегіш, жарықтаршырғыш, түтінді құрамнан және т.б.) құралады. ұрыста қолдану алдында бір немесе бірнеше жарғышпен жабдықталады. Кіші биіктіктен тастау үшін авиациялық бомба парашютпен жабдықталуы мүмкін. Бомба қолданылуына қарай негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі (мақсаттағы) авиациялық бомбалар жер үсті және теңіз нысаналарына соққы беру үшін қолданылады. Оған фугасты, жарықшақты, жарықшақты-фугасты, танкіге қарсы, сауытбұзғыш, бетонбұзғыш, сүңгуір қайыққа қарсы, ертегіш, фугасты-өртегіш, химиялық және т.б. бомбалар жатады. Авиациялық көмекші бомба арнайы міндеттерді шешу үшін (жергілікті жерді жарықтандыру, түтінді қалқандар қою, үгіт әдебиеттерін тастау, сигнализация, оқыту-үйрету мақсатында және т.б.) қолданылады. Оған жарық беретін, фотографиялық, түтінді, имитациялық, үгіт, бағдарлы-сигналды, практикалық авиациялық бомбалар жатады. Авиациялық бомбалардың калибрі 0,5 кг-нан 20000 кг-ға дейін.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.