Автол
From Wikipedia, the free encyclopedia
Автол (ағылш. automobile oil - автомобиль майы) — карбюратор қозғалтқыштарын майлайтын мотор майларының атауы. Автол мұнай концентраттарын және майлы дистилляттарды қышқылдық жанасу мен селективті тазарту әдісімен алынады. Оларды тұтқырлығы мен тазалау әдістеріне қарай жіктейді. Күкірт қышқылдық тазалау әдісімен 5 түрі алынады. Автол-6 автомобиль қозғалтқыштарын қысқы уақытта, автол-10 автомобиль қозғалтқыштарын жазғы уақытта, автол-18 трактор қозғалтқыштарын жаз кезінде майлау үшін қолданылады.[1]