From Wikipedia, the free encyclopedia
Крымский Агафангел Ефимович (укр. Кримський Агафангел Юхимович) (15.1.1871, Владимир-Волынский – 25.1.1942, Қостанай қаласы) – шығыстанушы ғалым, тарихшы, филолог, Украина ғылым академиясының академигі (1918), Украинаның еңбегін сіңірген ғылым қайраткері (1940). Мұғалімнің отбасында дүниеге келген. 1892 ж. Мәскеудегі Шығыстану институтын, 1896 ж. ММУ-дың тарих-филология факультетін бітірді. 1896 – 98 ж. Сирия мен Ливан халқының тарихы мен тілін зерттеген. 1898 – 1918 ж. Шығыстану институтының араб тілі мен мұсылман шығысы тарихы кафедрасында оқытушы (1900 жылдан профессоры) болды. Сондай-ақ осы жылдары парсы және түркі тілдерінен сабақ берді. 1901 ж. Мәскеу археологияның қоғамы жанындағы шығыс комиссиясының хатшысы болды. 1918 – 41 ж. Киевте қызметте, Украина ғылым академиясының негізін салушылардың бірі болды. Крымский – араб, парсы, түркі, украин халықтары мен әдебиеттері туралы көптеген еңбектер жазған. 1893 жылдан Брокгауз-Ефрон және Гранат энциклопедиясының Таяу Шығысқа қатысты мақалалардың түгелге дерлігін Крымский жазып шықты. Көркем шығармалармен де шұғылданды (“Андрей Лаговский”, роман, 1905; “Повестер мен әңгімелер”, 1895, тағы басқа). Крымский араб, парсы, түркі тілдерінде жазған авторлардың (Антара әл-Мағри, Омар їайям, Сағди, Хафиз) шығармаларын және “Шаїнаманың” үзінділерін орыс тіліне, сондай-ақ Т.Г. Шевченконың шығармаларын түркі тіліне аударған. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.