![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b9/%25D0%259E%25D1%2585%25D0%25BB%25D0%25B0%25D0%25B6%25D0%25B4%25D0%25B5%25D0%25BD%25D0%25B8%25D0%25B5_%25D0%25B0%25D0%25B3%25D0%25BB%25D0%25BE%25D0%25BC%25D0%25B5%25D1%2580%25D0%25B0%25D1%2582%25D0%25B0.jpg/640px-%25D0%259E%25D1%2585%25D0%25BB%25D0%25B0%25D0%25B6%25D0%25B4%25D0%25B5%25D0%25BD%25D0%25B8%25D0%25B5_%25D0%25B0%25D0%25B3%25D0%25BB%25D0%25BE%25D0%25BC%25D0%25B5%25D1%2580%25D0%25B0%25D1%2582%25D0%25B0.jpg&w=640&q=50)
Агломерат
From Wikipedia, the free encyclopedia
Агломерат (латын тілінен agglomera — қосамын, жинақтаймын) — 1 қара және түсті металлургияда — байытылған кентас концентраты мен майда кендерді шахта пештерінде қорытар алдында күйдіріп алынған кесек өнім. Темір кентасына марганецті қосып күйдіріп кесектелген концентрат темір-марганец Агломератты, ал құрамындағы СаО мен МgO қосындылары SіO2 мен Al2O3 қосындысына бір-бірімен тең болған шихтадан жасалған темір, кентасты Агломератне өзі ерігіш Агломерат делінеді. Сол сияқты бессемер және шаңды Агломерат бар. Агломераттың 95-тен астамы қара металлургияда, түсті металлургияның алюминий, никель, қорғасын, мыс өндірістерінде пайдаланылады.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b9/%D0%9E%D1%85%D0%BB%D0%B0%D0%B6%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5_%D0%B0%D0%B3%D0%BB%D0%BE%D0%BC%D0%B5%D1%80%D0%B0%D1%82%D0%B0.jpg/640px-%D0%9E%D1%85%D0%BB%D0%B0%D0%B6%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5_%D0%B0%D0%B3%D0%BB%D0%BE%D0%BC%D0%B5%D1%80%D0%B0%D1%82%D0%B0.jpg)
Агломерат — мейлінше ірі де үшкір кесектерден (көлденеңі 30-2000 мм) түратын борпылдақ, босаң жанартаулық таужыныстар. Таужыныстардың түзілу орнына орай агломераттар көмей агломераттары (жанартау көмейіне шоғырланған кесектер) және қожды агломераттар (жанартау жапсарындағы қож тәрізді кеуек кесектер) болып бөлінеді.[1]