From Wikipedia, the free encyclopedia
Айршир сиыры – сиырдың сүтті тұқымы. 18 ғасырда Шотландияда жергілікті сиырларды алғашқыда тисватер, шортгорн, кейін альдерней, джерсі, гернсей және голланд бұқаларымен будандастыру арқылы шығарылған. 1862 жылдан жеке сиыр тұқымы болып есептелінеді. Айршир сиырының шоқтығына дейінгі биіктігі 120 – 122 см, қиғаш өлшегендегі тұрқы 142 – 150 см, кеуде орамы 180 – 190 см, жіліншік орамы 17 – 19 см келеді. Түсі қызыл ала, тұмсығы сүйірлеу, мүйізі жіңішке. 4000 кг шамасында (аса сүттілері 11000 кг-ға дейін) сүт береді, сүтінің майлылығы 4,2 – 4,5%. Айршир сиыры бірқатар елдерде жерсіндірілген. Қазақстанға 20 ғасырдың 50-жылдары әкелінген. Алматы облысында өсіріледі. Айршир сиыры тез өсіп-жетіледі, жергілікті жерге жақсы бейімделеді. 18 – 22 жасқа дейін сүт береді. Айршир сиырының еттілігі орташа.[1] Жаңа туған бұзауларының салмағы 28 – 30 кг-ға жетеді, олар тәулігіне 700 – 800 г салмақ қосады. Бұқаларының орташа салмағы 700 – 800 кг болады. Айршир сиырының бұқаларын басқа сүтті, етті сиырлармен будандастыру арқылы жаңа тұқым шығару жұмыстары жүргізілуде.[2]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.