Айыртау белгі тасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Айыртау белгі тасы , Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы Ұлытау ауылына жақын, Айыртау етегінде орналасқан. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ұлт және мәдениет мәселелері жөніндегі комитетінің Жезқазған – Ұлытау өңірінде өткізілген көшпелі мәжілісіне қатысушылар қойған белгі тас. Оған «қазақ халқының бірлік тұтастығын паш ететін оқиғалардың ескерткіші ретінде қойылды» деп жазылған. Сол белгі тас басында;
- 1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен жиын өткізілді. Осы жерде 2005 жылы «Қазақстан мемлекеттігінің тұтастығы мен халықтар бірлігі» монумент]і бой көтерді.[1][2]