Ай (қазақ дәстүрінде)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ай - қазақы ортада тіршілік цикліне байланысты атқарылған салттар, ғұрыптар мен наным-сенімдер жүйесінде ерекше орны мен мәні бар аспан денелерінің бірі. Ал халықтық астрономия мен метеорологиялық тәжірибенің ең іргелі саласы айға қатысты қалыптасты.