Александр Порфирьевич Бородин
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бородин Александр Порфирьевич (12.11.1833, Ресей, Санкт-Петербург, — 27.2. 1887, сонда) — орыс композиторы, ғалым-химик, медицина ғылымдарының докторы (1858). Санкт-Петербург медицина-хирургия академиясын бітірген (1856). Санкт-Петербургте ғылыми-педагогикалық және қоғамдық қызметпен шұғылданды. 1862 жылдан адъюнкт-профессор, 1864 жылдан ординарлық (негізгі) профессор, ал 1877 жылдан академик. 1872 — 87 ж Дәрігерлік қыздар курсын ұйымдастырып, сонда ұстаздық етті. 1874 жылдан Медицина-хирургия академиясында химия лабораториясының жетекшісі болды. 19 ғ-дың 50-жылдарында фортепианоға арналған пьесалар мен романстар жаза бастады. Оның композиторлық шығарм. халқына деген сүйіспеншілікке, азаттық мұратын дәріптеу сезіміне толы. Б-ның елеулі шығармасы — орыс ұлттық музыкасындағы қаїармандық эпостың үлгісі — “Князь Игорь” операсы. Эпикалық романс-балладалармен (“Теңіз”, “Ну орман әндері”) қатар әзіл-сықақ әндер де жазды. Бородин — орыстың классикалық симфониясы мен квартетін жасаушылардың бірі. Орыс халқы мен Шығыс халықтары музыкасының сыр-сипатын терең сезініп, оны өз шығармаларында (“Орта Азияда” симфониялық көрінісі, т.б.) шеберлікпен пайдаланды. Оның шығарм. дәстүрін С.С. Прокофьев, Ю.А. Шапорин, Г.В. Свиридов, А.И.Хачатурян, т.б. әрі қарай жалғастырды. Бородин дәстүрі орыс, шет ел композиторларына елеулі әсер етті, Орталық Азия мен Кавказ халықтарының ұлттық муз. мәдениетін дамытуда маңызы зор болды.