Александр Флеминг
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сэр Александр Флеминг (ағылш. Sir Alexander Fleming, 6 тамыз 1881, Дарвел (ағыл.)қаз. — 11 наурыз 1955, Лондон) — британдық бактериолог. Лизоцимді (адам ағзасында өндірілген бактерияға қарсы фермент) және бірінші рет Penicillium notatum зең саңырауқұлақтарынан пенициллинді — тарихи алғашқы антибиотикті бөліп алған.
Александр Флеминг | |
ағылш. Sir Alexander Fleming | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Шығыс Эйршир, Дарвел (ағыл.)қаз. (Ұлыбритания) |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Лондон (Ұлыбритания) |
Ғылыми аясы | |
Жұмыс орны |
қас. Мария госпиталі (St Mary's Hospital, London (ағыл.)қаз.) |
Альма-матер |
Килмарнок академиясы (Kilmarnock Academy (ағыл.)қаз.) |
Несімен белгілі |
пенициллинді ашқан |
Марапаттары |
|
Екі жаңалық та, 1920-ші жылдары және көп дәрежеде кездейсоқ болған. Бірде, Флеминг суық тигізіп алған кезде, ол Петри тостағанына мұрнынан шырышын егеді, шырышта бактериялар болған, және бірнеше күннен кейін шырыш қолданылған жерлерде, бактериялар жойылғанын байқаған. Лизоцим туралы бірінші мақала1922 жылы шықты.
Флемингтың зертханасында бейберекеттілік бір рет оған пайдасын тиігізді. 1928 жылы Staphylococcus aureus бактериялары бар Петри кеселеріндегі агарда саңырауқұлақтар колониясы өсіп шыққанын тапқан. Зең айналасында бактериялардың отарлары жасушаларының бұзылуына байланысты мөлдір түстес болған. Флемингу бактериялық жасушаларды жоятын белсенді затты бөліп алып үлгереді, — бұл пенициллин болатын, жұмыс 1929 жылы жарияланды.
Флеминг дәрі алу өте қиын санап, өзінің ашқанын бағаламаған. Оның жұмысын Говард Флори және Эрнст Борис Чейн жалғастырды[1], олар пенициллинді тазартатын әдісті әзірленді. Пенициллин жаппай өндірісі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде құрылды.
1945 жылы Флеминг, Флори және Чейн Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығымен марапатталды.
1999 жылы, «Тайм» журналы Флемингті пенициллинді ашқаны үшін ХХ ғасырдың жүз ең маңызды адамдарына жатқызды және айтты:
«Бұл жаңалық тарих барысын өзгертетін болады. Флеминг пенициллин деп аталатын зат, инфекцияға қарсы өте белсенді құрал.»
Осы қосылыстар мүмкіндігі бағаланған соң, пенициллин бактериялық инфекциялар емдеуде кез келген әдістердің ажырамас бөлігіне айналды.
Ғасырдың ортасына, Флеминтың ашқан зат фармацевтикалық өнімдерді өндіруге кең жолға қойылды, оның жасанды синтезі жүзеге асырыла бастады, сифилис, гангрена және туберкулез сияқты ежелгі аурулардың көпшілігін жеңуге көмектесті.