Аллювий
From Wikipedia, the free encyclopedia
Аллювий (лат. аlluvіо — тасынды, үйінді) — аллювийлі шөгінділер:
- 1) өзен аңғарларында су ағындары әрекетінен түзілетін шөгінділер. Өзен шөгінділері малтатас, қиыршықтас, құм, саздардан тұрады. Өзен жайылмасына, жағаларына, әсіресе сағаларына жиналады. Тау өзендерінің аллювийі жөне жазық өзендерінің аллювийі деп жіктеледі, шөгу жағдайына байланысты — арналық, жайылмалық жөне өзбойлық фацияларымен сипатталады;
- 2) төрттік жүйедегі қазіргі заман (голоцен) шөгінділерінің ескірген аты. Аллювийдің гранулометриялық құрамы қойтастар мен малтатастардан сазға дейін айтарлықтай өзгеріп отырады.[1]