Германия
From Wikipedia, the free encyclopedia
Германия (нем. Deutschland ХФӘ: [ˈdɔʏtʃlant]), ресми атауы – Германия Федеративтік Республикасы (нем. Bundesrepublik Deutschland), ГФР (нем. BRD) — Орталық Eуропада 16 жеке не жартылай тәуелсіз федералдық жерлерден тұратын ел.[6]
Германия Федеративтік Республикасы нем. Bundesrepublik Deutschland | |||||
| |||||
Ұран: «Einigkeit und Recht und Freiheit» «Бірлік пен әділдік және бостандық» | |||||
Әнұран: «Немістердің өлеңі[1]» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Құрылды | 3 қазан 1990 жыл | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | Неміс тілі | ||||
Елорда | Берлин | ||||
Ірі қалалары | Берлин, Гамбург, Мюнхен, Кёльн, Майндағы Франкфурт, Дюссельдорф, Штутгарт, Дортмунд, Эссен, Лейпциг[2] | ||||
Үкімет түрі | Федеративті парламенттік республика | ||||
Федералды президент Федералды канцлер |
Франк-Вальтер Штайнмайер Олаф Шольц | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 62-ші орын 357 386 км² 2,42 % | ||||
Жұрты • Сарап (2021) • Тығыздығы |
▲ 83 129 285[3] адам (17-ші) 232 адам/км² (58-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
▲ 4,444 трлн.[4] $ (5-ші) ▲ 53,566[4] $ (18-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
▼ 3,863 трлн.[4] $ (4-ші) ▼ 46,564[4] $ (17-ші) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,936[5] (өте жоғары) (5-ші) | ||||
Этнохороним | Немістер | ||||
Валютасы | Еуро | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .de | ||||
ISO коды | DE | ||||
ХОК коды | GER | ||||
Телефон коды | +49 | ||||
Уақыт белдеулері | +1 (+2 жазда) |
Германия Федеративтік Республикасы - орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Кейбір түркі тілдерінде Алмания болып та аталады. Жер аум. 356,96 мың квадраттық км. 2023 жылғы қаңтардағы халық саны: 84,4 млн адам. Астанасы 1991 жылдан Берлин қаласы (3,46 млн.). Халқының 94 %-і немістер (1998). Ресми тілі - неміс тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің протестант және католик тармағын ұстанады.
Халық саны бойынша дүние жүзінде 19-шы орында (ЕО-да 1-орын, Ресей мен Түркияны есепке алғанда Еуропада 3-ші орын) және территориясы бойынша дүние жүзінде 62-ші орында (Еуропада 8-ші).
Германия 16 аймақтан (жерден) құралған федеративті республика. Әр аймақтың өз конституциясы, парламенты және үкіметі бар. Федеральдік президент арнайы шақырылған, бундестаг және ландтагтар (әр аймақтың парламенттері) мүшелерінің бірде санынан құралған федеральдік жиналыста 5 жыл мерзімге сайланып отырады.
Президент мемлекет басшысы ретінде халықар. жиындарға қатысады, шет елдермен келісімшарттарға қол қояды, елшілерді, федеральдік соттарды тағайындайды, т.б. Елдегі атқарушы билікті федеральдік канцлер жүргізеді. Жоғарғы заң шығарушы органы бундестаг.