Қазақ ұлттық аграрлық университеті (ҚазҰАУ) — Қазақстанда тұңғыш ашылған ауыл шаруашылық жоғары оқу орны.

Quick facts: Университет атауы, Шынайы аты, Халықаралық а...
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
ҚазҰАУ эмблемасы
Университет атауы
Шынайы аты Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Халықаралық атауы Kazakh National Agrarian University
Бұрынғы атауы ҚазАШИ, АВИ, ҚазМемАгроУниверситет
Жалпы сипаттамасы
Құрылған жылы 1929 жыл
Түрі Ұлттық университет
Орналасуы
Орналасқан жері  Қазақстан, Алматы
Метро бекеті Абай
Мекенжайы Абай даңғылы, 8 үй Алматы
Кампус қалалық
Әкімшілік
Негізгі көрсеткіштер
Сайты www.kaznau.kz
Close

1929 жылы шаңырақ көтерген Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты мен 1930 жылы ашылған Қазақ ауыл шаруашылық институты негізінде 1996 жылы сәуірде Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті болып құрылды. 2001 жылы 5 шілдеде оған Ұлттық мәртебе беріліп, Қазақ ұлттық аграрлық университеті болып атауы өзгертілді [1].

Ол агроөндірістік кешен үшін білікті мамандар, аграрлы жоғары оқу орындары үшін ғалым-педагог кадрлар даярлайды. Университеттің қызмет ету жылдарында еліміздің аграрлық секторына 140 мыңнан аса білікті мамандар даярлап шығарды және осы саланың дамуына олар қомақты үлесін үзбей қосып келе жатыр. Соның ішінде 2 Кеңес Одағының Батыры мен 25 Социалистік еңбек ері, 70 Жоғары Кеңес пен Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, көптеген көрнекті академиктер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым және агроөндіріс кешенінің басшылары, 11 мыңнан астам докторлар мен ғылым кандидаттары және бүкіл Қазақстанды әлемге танытқан айтулы да абыройлы азаматтар бар [2]. Университетте қазіргі таңда 6 факультетке қарасты 21 кафедра қызмет етеді.

Университет ғалымдары ауыл шаруашылығының дақылдары мен өсімдіктердің 47 сортын, жануарлардың 15 жаңа тұқымын, вакциналардың, тағамдық және емдік өнімдердің 30 түрін шығарды, 500-ден астам доктор және кандидат диссертация қорғалып, 200 авторлық патент пен куәлік алынды, 800-ден астам өндірістік ұсыныс жасалды, 10 мыңнан астам ғылыми еңбек жарияланған. Университет 30-дан астам таяу және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зертханалық институттарымен тығыз байланыс орнатқан, 200 аграрлық жоғары оқу орнын біріктіретін Әлемдік Консорциумға мүше.[3]