From Wikipedia, the free encyclopedia
Аляска (ағылш. Alaska [əˈlæskə]; алеут тілінен аударғанда ала’сх’а – «киті бар мекен», «кит молшылығы»[2]) — Солтүстік Американың солтүстік-батыс шетінде орналасқан АҚШ-тағы жер көлемі бойынша ең үлкен штат. Оған өзі аттас түбек, Алеут аралдары, Канаданың батысын бойлайтын тынық мұхиттық жағалаудың жіңішке жолағы (Александровский архипелагының аралдарымен бірге) және континенттік бөлігі кіреді.
АҚШ штаты | |||||
Аляска | |||||
| |||||
Штат ұраны |
«Солтүстікке болашаққа» (лат. North to the Future) | ||||
Штат әні |
«Аляска Туы» (Alaska's Flag) | ||||
Штат лақапаты |
«Соңғы шекара» (ағылш. The Last Frontier) | ||||
Джуно | |||||
Ең ірі қаласы |
Анкоридж | ||||
Ірі қалалары |
Фэрбанкс Джуно Ситка Колледж | ||||
Тұрғыны |
▲733 391[1] (2020 жыл) 50-ші орын (АҚШ б-ша) | ||||
- тығыздығы |
0,49 адам/км² | ||||
1-ші орын | |||||
- барлығы |
1 717 854 км² | ||||
- су беті |
236,507 км² (13,77 %) | ||||
- ендік |
54° 40' с. е. бойынша 71° 50' с. е., 3 639 км | ||||
- бойлық | 130° 00' б. б. бойынша 172° 00' б. б., 2 285 км |
||||
Теңіз деңгейінен биіктігі |
|||||
- максимал биіктігі | 6 194 м | ||||
- орташа биіктігі | 580 м | ||||
- минимал биіктігі |
0 м | ||||
Штат статусын иеленуі |
3 қаңтар 1959 жылы 49 ретпен | ||||
- штат болмай тұрып |
Аляска территориясы | ||||
Губернаторы |
Майк Данливи | ||||
Вице-губернаторы |
Нэнси Дальстром | ||||
Заң шығару органы |
Аляска Легислатурасы | ||||
- жоғарғы палатасы | Аляска сенаты | ||||
- төменгі палатасы | Аляска өкілдер палатасы | ||||
Сенат мүшелері |
Лиза Меркауски Дэн Салливан | ||||
Уақыт белдеуі |
Аляскалық: UTC−9 жазда UTC−8 Алеуттық: UTC−10 жазда UTC−9 | ||||
Ресми сайты: |
alaska.gov | ||||
|
Штат континенттің қиыр солтүстік-батысында орналасқан, Чукот түбегімен (Ресей) арасын Беринг бұғазы бөліп тұр, шығысында Канадамен, батысында Беринг бұғазының кішкентай учаскесінде Ресеймен шектеседі. Материктік бөліктен және көптеген аралдардан тұрады: Александровский архипелагы, Алеут аралдары, Прибылов аралдары, Кадьяк аралы, Әулие Лаврентий аралы. Штатты Солтүстік Мұзды Мұхит және Тынық мұхит сулары шайып жатыр. Тынық мұхиттық жағалауында — Аляска жотасы; ішкі жағы — биіктігі батысында 1200 м-ден бастап, шығысында 600 м-ге дейін үстірт ойпатқа ауысады. Солтүстікте — Брукс жотасы, одан кейін Арктика ойпаты орналасқан.
Мак-Кинли (Денали) тауы (6194 м) — Солтүстік Америкадағы ең биік шың. Сөнбеген жанартаулар да бар.
1912 жылы жанартау атқылауы салдарынан Он мың түтін алқабы мен жаңа Новарупта жанартауы пайда болды. Штаттың солтүстік бөлігін тундра қаптап жатыр. Одан төменірек ормандар орналасқан. Штаттың құрамына Ресейге қарасты Ұлы Диомид аралдарынан (Ратманов аралы) 4 км ара қашықтықта орналасқан Беринг бұғазындағы Кіші Диомид аралы (Крузенштерн аралы) кіреді.
Тынық мұхит жағалауында орташа климат, теңіздік, салыстырмалы түрде жұмсақ; өзге аудандарында — қысы қатты арктикалық және субарктикалық континенттік климат.
АҚШ-тың ең биік шыңы Мак-Кинли тауының маңайында әйгілі Денали ұлттық саябағы орналасқан.
Халық саны 100 000 адамнан астам қалалар | ||||
Халық саны 10 000 — 100 000 адам аралығындағы қалалар
| ||||
Халық саны 10 000 адамнан кем қалалар | ||||
|
|
|
Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі төменгі әкімшілік бірлігі округ (county) болып табылатын басқа көптеген штаттардан ерекшелігі — Аляскада әкімшілік бірліктер баро (borough — «өзін-өзі басқаратын аймақ») деп аталады. Одан да өзге маңызды ерекшелігі — 15 баро және Анкоридж муниципалитеті Аляска территориясының тек белгілі бір бөлігін ғана алып жатыр. Қалған территориясындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыруға халық саны (әлде оған қызығушылығы барлары) жеткілікті емес және де сол себепті бұл жерлерде ұйымдаспаған баро түзеді. Ал бұл өз кезегінде халық санағын жүргізуге және басқаруға да ыңғайлы болу үшін халық санағы аймақтары (census area) деп аталатын аймақтарға бөлінген. Аляскада мұндай аймақтардың саны - 11.
Алясканың барлық әкімшілік-территориялық бірліктерінің тізімі (алфавит бойынша):
Сібір тайпаларының бір тобы 16-10 мың жыл бұрын қазіргі Беринг бұғазын кесіп өтті. Эскимостар арктикалық жағалауға, ал алеуттер Алеут аралдарына қоныстана бастады.
Елдегі халық аз қоныстанған штаттардың бірі болғанымен, 1970-жылдары мұнай өнеркәсібі және көлік шаруашылығына бос орындарға шақырылғандардың қатарынан жаңа тұрғындар көшіп келді. Ал 1980-жылдары халықтың өсімі 36 проценттен астам болды.
Соңғы онжылдықтардағы Аляска халқының саны:
2005 жылы Аляска халқының саны одан бұрынғы жылмен салыстырғанда 5906 адамға немесе 0,9 %-ке өсті. 2000 жылмен салыстырғанда 36 730 адамға (5,9 %) көбейді. Бұл санның ішіне соңғы санақ бойынша халықтың 36 590 адамға табиғи өсімі (53 132 туу минус 16 542 өлім) кіреді, сондай-ақ көші-қон есебінен 1181 адамға көбейген. Құрама штаттардан тыс жерлерден көшіп келу (иммиграция) Аляска халқы санын 5800 адамға көбейтсе, ішкі миграция салдарынан 4619 адамға азайды. Аляска халқының тығыздығы АҚШ-тың барлық штаттарының арасындағы ең төменгі көрсеткіш.
Халқының 75 процентке жуығы ақ нәсілділер, АҚШ-та дүниеге келгендер. Штатта 88 мыңдай байырғы тұрғындар тұрады: үндістер (атапасклер, хайда, тлинкиттер, симшиандықтар), эскимостар және алеуттер. Штатта сонымен қатар азғантай орыс ұрпақтары да өмір сүреді. Негізгі діни топтары — католиктер, православтар, пресвитериандықтар, баптисттер және методисттер. Православтардың үлесі әр түрлі деректерге сәйкес 8-10 %-ті құрайды және бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш болып табылады.
Соңғы 20 жыл бойы тұрғындар сайлауда қалыптасқан дәстүр бойынша республикалықтарға дауыс беруде. Штаттың бұрынғы губернаторы Сара Пейлин партияны Джон Маккейн басқарған кезінде 2008 жылғы сайлауда АҚШ вице-президенттігіне үміткер болған. Қазіргі кезде губернатор — Шон Парнелл.
Аляска туын 1927 жылы он үш жасар бала (Бенни Бенсон) ойлап шығарды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.