From Wikipedia, the free encyclopedia
Андреа Палладио (итал. Andrea Palladio), шын есімі Андреа ди Пьетро (30 қараша 1508, Падуя — 19 тамыз 1580) — итальян сәулетшісі. Тас қалаушының баласы. 1524 жылдан Виченцада тас қашаумен шұғылданды. Дж. Дж. Триссиноның шәкірті. Палладио көне заман сәулет өнерін терең зерттей отырып, оған ренессанстық Венеция архитектурасын енгізді. Бертінгі Қайта өркендеу дәуірі сәулетшілерінің алдыңғы қатарынан орын алды. Тұңғыш салған ғимараты Виченцадағы Базилика. Ол осында бірнеше сарайлар тұрғызды. Палладио құрылыс ісінде көне ордерлерді асқан шеберлікпен қолданып, оны архит. бейненің құрамды бөлшегіне айналдырды. Оның салған ғимараттары (әсіресе виллалары) табиғатпен әсем үндестік тапқан. Діңи құрылыстарында (Венециядағы Сан-Джорджо Маджоре, 1565—80, Иль-Редеңторе, 1592; шіркеулері) қасбеттегі үлкен ордер мен кіші ордерді астастыра отырып көне ғибадатханалар портигі мен базиликаның ішкі кеңістігін органикалық тұрғыда тұтастыра білді, Жаңа замандағы тұңғыш театр ғимараттарының бірі саналатын Виченцадағы Олимпико театры (1580— 85, арх. В. Скамоцци аяқтады) Палладионың қолынан шыққан. Палладио есімін «Архитектура тура жайлы төрт кітап» (1570) атты трактаты көпке танытты. Сонымен бірге «Рим көне тарихы» (1554) және «Юлий Цезарьға түсініктеме» (1575) деп аталатын трактаттарын жариялады.Архитектор творчествосы 17- 18 ғасырдағы классицизмге жаңа бір арна болып қосылып, европалық сәулет өнерінің дамуына көптеп еңбек сіңірді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.