Антиклерикализм
From Wikipedia, the free encyclopedia
Антиклерикализм - саяси және рухани өмірді, ғылымды, мәдениетті және білім беруді дін мен шіркеудің билігінен азат етуге бағытталған қоғамдық қозғалыс. Жекелеген Антиклерикалдық идеяларды ерте дүние философтары да айтқан. Ортағасырлық Европада Антиклерикализм діни биліктің зиялылар билігінен басымдығы жөніндегі шіркеу ұялатқан идеяға қарсы күрес формасы болды. Феодализмге қарсы буржуазиялық революция идеологиясында Антиклерикализм міндетті элемент ретінде байқалды. Бұл-жас буржуазия идеологтарының шіркеу саясатын сынауынан, буржуазиялық үкіметтердің шіркеудің меншігін мемлекеттік меншікке айналдыру және мемлекеттен шіркеуді бөлуді көздеген заңдарды қабылдауынан көрінеді. Қазіргі замандағы Антиклерикализм тұтас алғанда - бұл жаппай прогресті, бірақ бір текті емес қозғалыс. Антиклерикалдық күреске философиялық, саяси, діни сенімдері әр түрлі адамдар қатысады. Шет елдердегі прогресті пиғылдағы христиан демократтардың Антиклерикализмі коммунизм туы астына топтасқан еңбекшілер Антиклерикализмінен айтарлықтай өзгеше. Көптеген діншіл антиклерикалдар клерикализмді реакционерлердің дінді өз мақсаттарына пайдалануының нәтижесі ретінде ғана қарастырады және клерикализмді мен діннің арасына шек қоя отырып , барлық реакциялық атаулыны жауыққан клерикализм жағына жатқызып, дінді сыннан тыс қалдырады. Дінге сенушілердің Антиклерикализмі ең алдымен клерикализмді туғызушы, қанаушы қоғам негіздеріне қарсы бағытталмағандықтан да, өрісі шектеулі. Антиклерикализм- марксизм пайда болғаннан кейін ғана дәйекті болды. Дәл осы марксизм- ленинизм негізінде коммунистік және жұмысшы партиялары клерикализммен күрестің ғылыми программасын жасады. Коммунистер клерикализм мен діннің ара жігін аша отырып, сонымен бірге дін мен клерикализмді жою туралы мәселені бұқараны әлеуметтік тұрғыдан езудің түрлі формаларын туғызатын қанаушы қағамды, соның ішінде клерикализмді де жоюға тиіс, еңбекшілердің тап күресімен байланыстырады.
Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз. |
---|
Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау. Осы айдағы тексерілді деп белгіленген мақалалар: https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Арнайы:Жуықтағы_өзгерістер&tagfilter=Тексерілді+деп+белгіледі Бұл мақаланы 2016-12-29, 21:20 кезінде (7 жыл бұрын) Shymnis 7b dayana (журналы | үлесі) соңғы рет өңдеді.
|
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін. (желтоқсан 2016) |