From Wikipedia, the free encyclopedia
Антони Гауди-и-Корнет (сондай-ақ Антонио; кат. Antoni Gaudí i Cornet [ənˈtɔni ɣəu̯ˈði i kuɾˈnɛt], ис. Antonio Gaudí y Cornet; 25 маусым 1852, Реус, Каталония — 10 маусым 1926, Барселона) — испаниялық сәулетші, жобаларының көпшілігі танымал, соның ішінде ең үлкен құрылысы Барселонада салынған Sagrada Familia ғимараты.
Антонио Гауди | |
Antoni Gaudí | |
Жалпы мағлұматтар | |
---|---|
Азаматтығы | |
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Жұмысы мен жетістіктері | |
Білімі |
Барселонадағы жоғары техникалық сәулет мектебі (1876) |
Жұмыс істеген қалалар |
Барселона, Реус |
Сәулет стилі | |
Басты құрылыстары |
Каса-Мила, Қасиетті отбасы ғибадатханасы, Белесгуард, Эль-Капричио, Гуэль паркі, Эпископ сарайы (Асторга), Висенс үйі, Ботинес үйі, Гуэль колония шіркеуі, Каса Батлио, Кальвет үйі, Гуэль жертөлелері, Гуэль сарайы, Артигас бақшалары және Гуэль павильондары[1] |
Қолтаңбасы | |
Антонио Гауди Ортаққорда |
1852 жылдың 25-маусымында Каталонияның Реус қаласында қолөнершінің үйінде дүниеге келеді. Франсеска Гауди-и-Серра мен Антонии Корнет-и-Бертранның төрт баласының да денсаулығы өте нашар болып, екі ұлы бүлдіршін кездерінде-ақ көздерін жұмған. Сондықтан бесінші болып туған Антонио Гаудиді тез арада шоқындырып, анасының құрметіне атайды. Кішкентай кезінен бастап шорбуын ауруының ауыр түріне шалдыққан бала, өз құрдастарымен жүгіріп ойнай алмайтын. Оған отырып-тұрудың өзі ауыр түсетін. Сондықтан, әйгілі сәулетшінің балалық шағы жалғыздықта, үйінің алдындағы ағаш түбінде өткен.
Ауруының кесірінен аурухана аралап үйренген нәресте күндердің күнінде анасы мен дәрігердің сөзін естіп қалады. Дәрігер баланың жақын арада көз жұматындығын айтқан болатын. Осы уақиғадан кейін Гауди анасымен бірге шіркеуге барған кезінде әулие Марияның алдында тізе бүге алмайтындығынан басын ғана еңкейтіп: - «Осынша ұзақ уақыт өмір сүргенім үшін рахмет» - деп айтқан болатын. Сәби кезінен бастап өмір үшін күрескен зерек бала, өсе келе сурет салғанды ұната бастайды. Ал мектеп бітіргеннен кейін сәулетші болуға бел буады. Ол табиғатты сүйіп, сұлулығына тамсанатын болғандықтан өз туындыларының әрқайсысын табиғатқа ұқсатуға тырысатын болады және данышпан түзу сызықты ұнатпайтын. Оның ешбір ғимараты түзу болмаған. Өйткені Гаудидің өз сөзімен айтқанда: - «Табиғатта түзу сызық жоқ. Түзу сызықты адам ойлап тапқан» деген.
Гауди оқу бітірер кезінде оның ұстаздары: «Ол немесе данышпан, немесе есі ауысқан» - деп, айтқан екен. Гауди Барселонаның ең ғажайып сәулетшісі. Осы ғимараттар Барселона қаласын ертегі әлеміне айналдырғандай. Гауди 1926 жылдың 7 маусымында трамвай жолында қаза табады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.