Антропохория
From Wikipedia, the free encyclopedia
Антропохория (лат. anthropos - адам, сhогео — тараламын) — өсімдіктердің, олардың тұқымдары мен спораларының, өзге де ұрық жұрнақтарының адамның кездейсоқ қатысуымен таралуы. Мынадай түрлері бар: агестохория (лат. agestai — өзімен бірге ала кету) — көлікпен таралу; эргазихория (лат. ergasia — жерді өңдеу) — егін жинайтын машинамен және топырақ өңдейтін құралдармен таралу; спейрохория (лат. speiro — себу, егу) — егу кезінде мәдени дақылдардың тұқымдарымен бірге кездейсоқ таралуы және т.б.[1]