Ан-2
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ан-2 (НАТО кодтау жүйесі бойынша: Colt — «Құлыншақ», әңг. — «Жүгеріші» («Кукурузник»), «Аннушка») — кеңестік жеңіл жолаушы ұшағы. Ұшақ А. Д. Швецов жасап шығарған АШ-62ИР поршеньді қозғалтқышымен жабдықталған.
Ан-2 | |
Эстон әуе күштерінің Ан-2 ұшағы әуеде | |
Түрі |
Жеңіл көпмақсатты |
---|---|
Өндірушісі | |
Алғашқы ұшуы | |
Статусы |
қолданыста, өндірілуде (ҚХР-да) |
Өндірілген бірліктері |
шамамен 18 мың[1] |
Нұсқалары |
Ан-2М, Ан-2СХ, Ан-3, Ан-4, Ан-6 |
Ан-2 Ортаққорда |
Ан-2 ауылшарушылық, спорттық, әуе көлігі, жолаушы тасымалдаушы ұшақ ретінде қолданылуда және көптеген мемлекеттендің ӘӘК-нде қызметте тұр. 2012 жылға қарай 2271 Ан-2 ұшағы қолданыста тұрған, оның 1580-і Ресейде.
Ұшақтардың көп бөлігі 40 жылдан аса уақыт қолданылуда, ал кейбірінің ұшу сағаты 20 мыңға жуық[2][3].
Ан-2 КСРО-да, Польшада өндірілген, ал ҚХР-да ұшақ өндірісі әлі де жалғасуда. Барлығы 18 мың Ан-2 ұшағы өндірілген. Әлемнің 26 мемлекетінде қолданыста болған. Ан-3 ұшағы шығарлырғанға дейін әлемдегі ең үлкен бірмоторлы биплан болған. Әлемде 60 жылдан астам уақыт бойы өндіріліп келе жатқан жалғыз ұшақ ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енгізілген[1].