Араб тілі
Араб елдерінде және көршілес мемлекеттерде таралған семит тілі / From Wikipedia, the free encyclopedia
Араб тілі — семит тілдерінің ішіндегі сөйлеушілер саны жағынан бірінші орын алатын, әлемде 422 миллионға жуық адам сөйлесетін тіл. Араб тілі негізінен араб елдерінде және Сенегал, Чад, Эритрея елдерінде таралған. Араб тілі Құранның тілі болғасын мұсылмандардың арасында қасиетті тіл саналады және кейбір құлшылықтар (мыс.: намаз) араб тілінен басқа тілде орындалмайды. Сонымен қатар араб тілі кейбір араб елдеріндегі христиандардың діни жоралғылары орындалатын тіл. Орта ғасырлық яһуди дініне арналған еңбектердің көбісі осы араб тілінде жазылған. Ислам дінінің таралып, мұсылмандардың көптеген елдерді билеуіне байланысты араб тілінің да мәртебесі жоғарылап, араб тілі саясат, әдебиет пен ғылымның тіліне айналды. Араб тілі түркі тілдерге және урду, албан, малай мен индонезия тілдеріне, кейбір африкалық тілдерге (хауса, суахили), европалық тілдерге (испан, португал, мальта тілдері) көп әсер етті.
Араб тілі | |
Өз атауы: |
العربية |
---|---|
Айтылуы: | |
Елдер: |
Алжир, Бахрейн, Мысыр, Батыс Сахара, Иордания, Ирак, Йемен, Катар, Кувейт, Ливан, Ливия, Марокко, БАӘ, Оман, Палестина, Сауд Арабиясы, Сирия, Тунис, Мавритания — халқының көбі; |
Аймақтар: |
Араб әлемі |
Ресми күйі: |
Араб тілі 27 елде ресми тіл болып табылады (тізімді қараңыз). |
Реттейтін мекеме: |
Тізім
Алжир: Араб тілінің жоғарғы кеңесі (Алжир)
Мысыр: Араб тілі академиясы (Каир) |
Сөйлеушілер саны: |
292 млн (ана тілі ретінде) — 422 млн адам (екінші тіл ретінде) |
Рейтинг: |
2 |
Классификация | |
Афразия макроәулеті
| |
Жазуы: | |
Тіл коды | |
МЕСТ 7.75–97: |
ара 050 |
ISO 639-1: |
ar |
ISO 639-2: |
ara |
ISO 639-3: |
ara |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Араб тілі араб елдерінде, Эритрея, Чад пен Израиль елдерінде ресми тіл саналады. Араб тілі БҰҰ-ның алты ресми тілінің бірі боп табылады.
Араб тілі лексикалық жағынан ең өнімді тілдерге жатады. XIII ғ. жазылған Ибн Манзурдың «Лисан әл-араб» кітабында 80 мыңға жуық сөздік жинақталған. Мысалға XVIII ғ. жазылған Сэмюель Джонсонның ағылшын тілі сөздігінде 42 мың сөз бар[1].
Араб тілі 28 әріптен құралған. Бірақ кейбір тіл ғалымдары «һамза» белгісін әріп ретінде санап, араб әліппесі 29 әріптен тұрады деп санайды. Араб тілінің басқа тілдерден айырмашылығы — парсы және иврит тілдері сияқты араб жазуы оңнан солға жазылады. Араб тілінің ерекшеліктері: тілде және әліпбиде "ч, п" дыбыстары, әріптерінің болмауы. Прото семиттік (барлық семит тілдерінің бабасы) тілдегі п араб тілінде ф-ға ауысқан.