Аргентинозавр
From Wikipedia, the free encyclopedia
Аргентинозавр – Оңтүстік Америкада өмір сүрген ірі динозаврлардың бірі. Ол шөппен қоректенген ірі зауропод динозавр. Аргентинозаврлар біздің заманымызға дейін 90 милллион жыл бұрын Бор дәуірінде өмір сүрген. Қаңқасы Оңтүстік Америка құрлығындағы Аргентина елінен табылған.
Зерттеу нәтижесінде табылған қаңқалары: алдыңғы үш кеуде сүйегі, үш бел омыртқасы, сегізкөздің бірінші және бесінші аралығындағы омыртқалар, оң жақ қабырғаларының көп бөліктері, арқа қабырғаларының біраз бөлігі мен оң жақ асықты жілік. Омыртқасының ұзындығы – 1,59 м, асықты жіліктің ұзындығы 155 см.