Арин-Берд
From Wikipedia, the free encyclopedia
Арин-Берд (Арин-берд, Аринберд, арм. Արին բերդ) - Ереван қаласының шетіндегі төбе; үстінде б.з.б. 782 ж.шамасында Урарту патшасы Аргишти І салдырған қамалдың қалдықтары бар.
Құрылыстан табылған жазуда қамалдың аты Эребуни екені айтылған (Ереван деген атау содан қалса керек).
Қамал Севан көліне ұмтылған урартулықтардың бекіністі тірегі болған. Мұнда 1950 жылы К.Л.Оганесян қазба жұмыстарын жүргізгенде, ғимараттар мен ғибдатханалардың қалдығын тапқан. Қабырғаларында ою-өрнектер, Урарту құдайлары бейнеленген. Шаруашылық құрылыстары, қоймалар табылған.
Б.з.б. 8 ғасырдың аяғында қамал бұрынғы мәнінен айырылған; оның содан былайғы өмірі Урартудан кейінгі дәуірмен (б.з.б. 5 ғ.) байланысты.