Аркона (Яромарсбург)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Аркона немесе Яромарсбург - Балтық славяндарының 10-12 ғасырдағы қаласы. Рюген аралында (Германия) аттас Аркона мүйісінде орналасқан.
Басқа мағыналар үшін Аркона деген бетті қараңыз.
Сол кездегі славян тайпаларын біріктірген діни орталық. Қала батыс жағынан 10-13 м биік дуалмен қоршалған. Орта ғасырдағы Саксон Грамматиктік суреттеуінше, мұнда Святовит[1] құдайдың мүсіні мен ғибдатхана болған, аралды дін басы билеген. Бұл деректі 1920 жылдары қазба жұмыстарын жүргізген неміс археологі К.Шуххардт т.б. анықтаған. Қалада халық жиналысы өтетін алаң мен дуал бойына орналасқан тұрғын үйлер болғаны байқалады. 1169 ж. Арконаны дат королі Вальдемар І талқандап, Святовиттің мүсінін өртеп кеткен, ал ғибдатханадағы қазынаны тонап, Данияға әкеткен.