From Wikipedia, the free encyclopedia
Артур Дрюри (ағыл. Arthur Drewry; 3 наурыз 1881 — 25 наурыз 1961) — ФИФА-ның бесінші президенті. ФИФА-ның 1955-61 жылдары басқарды.
Бірнеше жыл биснеспен де айналысып, футбол басшылығындағы карьерасын кештеу бастады. 1949-55 жылдары Футбол Лигасының басшылар алқасында жұмыс жасады. 1944 жылы ФИФА комитетінің алқасы мүшесі боп қабылданды.
ФИФА-ның төртінші президенті Рудольф Сильдрейерстің денсаулығы нашарлап кеткен соң бар жұмысты 1954 жылдан бастап-ақ Дрюри атқарды. 1956 жылы 9 маусымда ресми түрде президент боп тағайындалды. 1958 жылғы Швецияда өткен алтыншы әлем чемпионатын салтанатты түрде ашты.
1961 жылы 80 жасында қайтыс болды. Дрюриден соң ФИФА-ны Стенли Роуз басқарды.
Аты | Елі | Басқарған уақыты | |
---|---|---|---|
1. | Робер Герен | Франция | 1904—1906 |
2. | Дэниэл Вулфолл | Англия | 1906—1918 |
3. | Жюль Риме | Франция | 1921—1954 |
4. | Рудольф Сильдрейерс | Бельгия | 1954—1955 |
5. | Артур Дрюри | Англия | 1955—1961 |
6. | Стенли Роуз | Англия | 1961—1974 |
7. | Жоао Авеланж | Бразилия | 1974—1998 |
8. | Йозеф Блаттер | Швейцария | 1998—2015 |
9. | Джанни Инфантино | Швейцария /Италия | 2016— |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.