Астрономиялық бірлік
From Wikipedia, the free encyclopedia
Астрономиялық бірлік (халықаралық ықшам таңбасы AU кейде au, a.u. немесе ua деп жазылады, қазақша аб, немесе АБ) — астрономияда қашықтықты өлшеудің тұрақты бірлігі болып, ол әдетте жер шары мен күннің арақашықтығына сай белгіленген. Жерден Күнге дейінгі орташа қашықтыққа тең ұзындық.[1] Көбінесе жұлдызара, жұлдыздық денелер ара алыс қашықтықты өлшеуге қолданылады. Бұрын ол 149 597 871 000 м (92 955 807 ағылшын милі) делінсе қазіргі түзетілген нұсқасы 149 597 870 700 м. Бұл шамалап айтқанда 150 млн км, немесе 93 млн ағылшын милі болмақ.
Бұл қашықтық идеалдастырылып, вакуумдағы қашықтыққа айналдырылды, яғни ол ендігі жерде күн мен жердің емес, кез келген ғарыштық қашықтыққа бірлік ретінде тұрақты қолданылады және ол жер шары мен күн қашықтығының кейінгі өзгерісіне бола өзгермейді.