Атыс-шабыс фильм
From Wikipedia, the free encyclopedia
Атыс-шабыс - кино салаласындағы ірі жанр. Осы жанрдағы фильмдердің барлығында шытырман оқиға, зорлық-зомбылық, төбелеске толы көріністер көптеп кездеседі. Атыс-шабыс жанрындағы фильмдердің соңы хеппи-ендпен аяқталады, яғни кейіпкерлердің бақытқа қолы жетеді. Бұл жанрдағы фильмдерді тамашалауда жас шектеулері болады. Кішкентай балаларға көруге тыйым салынады. Себебі, фильмдегі зорлық-зомбылық тұстары балалардың психикасына кері әсер етуі мүмкін. Алайда, бұл жанрдағы фильмдердің ең негізгі көрермендері әрі табынушылары балалар болып табылады.[1][2]