Аудитор
From Wikipedia, the free encyclopedia
Аудитор (лат. auditor — тыңдаушы, тексеруші) — аудиторлық қызметпен айналысушы маман. Онымен жоғары экономикалық және заң білімі бар, мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс істеген және тиісті аттестациядан өткен адам айналыса алады. Аудитордың аудиторлық қызметпен кәсіпкер немесе аудиторлық ұйымның (фирманың) қызметкері ретінде жеке айналысуына құқығы бар. Аудитордың негізгі міндеті - тексеру жағынан компанияның қаржы жағдайы туралы қорытынды жасау, ол занда белгіленген тәртіппен аталған компанияның қызметі жөніндегі жылдық есебінде ресми балансымен және пайда мен зиянның есептерімен бірге жарияланады.[1][2][3]