Ауыз үй
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ауыз үй, ауыз бөлме, Вестибюль — дәстүрлі қазақ қоғамындағы қыстауға салынған үйдің кіреберіс бөлмесі. Үйдегі бөлмелердің аз-көптігі әрбір отбасының тұрмыс жағдайына байланысты болған. Бірақ ең кедей отбасының өзі 2 бөлмелі үй және қосымша шағын аула салған. Сол екі бөлмелі үйдің алдыңғысы — ауыз үй, кейінгісі — төр үй болып есептелген. Орташа ауқатты отбасыларында бөлмелер саны 3-тен кем болмаған: ауыз үй, ас үй (қазандық), төр үй.
Вестибюль — тұтынушыға қызмет көрсету басталатын бөлме болып саналады. Орын санына байланысты кәсіпорындардьщ вестибюль аудандары әр түрлі болып келеді. Вестибюльде сыртқы киімге арналған гардероб, дәретханалар, айналар, жұмсақ жиһаз, ойын автоматтары, гүл және газет сатылу орындары ұйымдастырылады.[1]
Ауқатты отбасылар бұған қонақ үй мен балалар жататын үйді қосып, бөлмелер санын 5 — 6-ға жеткізген. Кедей отбасыларында жеке ас үй (қазандық) болмаған. Асты ауыз үйде пісіріп, азық-түлікті, ыдыс-аяқты осында ұстаған. Кей жылдары ауыз үйде ерте туған төлді (қозы, лақ, бұзау) ұстауына тура келген.[2]
Ауыз үй - келіп-кетушілерді қабылдауға және таратуға арналған үймереттің ішкі бөлімдеріне кіру алдындагы бөлме.[3]