Ауғанстан
Оңтүстік Азияда орналасқан мемлекет / From Wikipedia, the free encyclopedia
Ауғанстан (пушт.: افغانستان , дари: افغانستان), толық ресми атауы Ауғанстан Ислам Әмірлігі (пушт.: د افغانستان اسلامي امارت , дари: امارت اسلامی افغانستان) — теңізге тікелей шыға алмайтын, Орта Шығыстағы мемлекет. Әлемдегі ең кедей елдердің бірі. 1978 жылдан бастап елде азамат соғысы жүріп жатыр.
Ауғанстан Ислам Әмірлігі пушт.: د افغانستان اسلامی امارت (Да Афғанистан Ислами Амарат) | |||||
| |||||
Ауғанстан мемлекеттік әнұраны | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 19 тамыз 1919 жыл (Ұлыбританиядан Тәуелсіздігі) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | пушту, дари - ресми тілдері[1] өзбекше, түрікменше, белуджий, нұрыстан, пашаи, памир тілі — аймақтық тілдер[2][3] | ||||
Елорда | Кабул | ||||
Ірі қалалары | Кабул, Кандагар, Герат, Мазари-Шариф | ||||
Үкімет түрі | Унитарлы уақытша теократиялық Ислам әмірлігі | ||||
Әмірі Премьер-Министрі Жоғарғы сот басшысы |
Хайбатулла Ахундзада Һасан Ахунд Абдул Һаким Ишақзай | ||||
Мемлекеттік діні | Исламның сүнниттік бағыты | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 40-шы орын 652 230 км² шамалы | ||||
Жұрты • Сарап (2019) • Тығыздығы |
32 225 560[4] адам (44-ші) 46 адам/км² (174-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
72,911 млрд.[5] $ (96-шы) 2,024[5] $ (169-шы) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
21,657 млрд.[5] $ (111-ші) 601[5] $ (177-ші) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,498[6] (төмен) (168-ші) | ||||
Этнохороним | ауғандар, ауған | ||||
Валютасы | ауғани | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .af | ||||
ISO коды | AFG | ||||
ХОК коды | AFG | ||||
Телефон коды | +93 | ||||
Уақыт белдеулері | +4:30 |
Батысында Иранмен, оңтүстік-шығысында Пәкістанмен, солтүстігінде Түрікменстанмен, Өзбекстанмен және Тәжікстанмен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Үндістанмен (дұрысында Үндістан, Қытай және Пәкістан таласатын Джамму және Кашмир аумағымен) шектеседі.
Ауғанстан Батыс пен Шығыс түйісетін жерде орналасқан. Ежелгі сауда мен көші-қон орталығы болып табылады. Оның геосаяси жағдайы — бір жағынан Оңтүстік және Орталық Азияда, екінші жағынан Таяу Шығыста орналасуы, сол аймақта орналасқан елдердің арасындағы саяси және мәдени қатынастарында маңызды рөл атқарады.