Ашамайлы Керей
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ашамайлы керей —Қазақ халқының құрамындағы тайпа. Шежіре бойынша, Орта жүздегі керей (керейт) тайпалары бірлестігінен таратылады. Ашамайлы этнонимі жөнінде жорамал көп. Керейдің төр шежіресінде келтірілетін нұсқалардың бірінде — Ақарыстың бір баласы Дана биден Қоянбай, одан Сарыкерей, одан Қараби туады. Ашамайлы Керей мен абақ керей осы Қарабиден тарайды дейді. Шежірелік осы жүйеге Ш. Құдайбердіұлы да, тарихшы-этнограф Н. Мыңжани да айрықша мән берген. Қараби жастай қайтыс]] болған соң жесірі Шымыр деген баласын алып, төркініне көшіп кеткен. Үйсін Сарымырза жиенін ашамайға мінгізіп жүреді екен де сұрағандарға “менің ашамайлы керейім” дейді екен. Содан Ашамайлы Керей атанып кетіпті. Ашамайлы Керей де, абақ керей де Кіші жүздегі керейт те Орта жүзге кіретін тайпалар мен рулар дейді. Ашамайлы, Абақ жеке адам аттары емес, қолданған таңбаларына қарай (Х — ашамай, У — абақ) аталған, туыстас тайпалар одағы дейтін нұсқалар да бар. Түркі тілдерінде “омак”, “обак”, моғол тіліндегі “обак”, “обух” сөздерінің туыстастар “одағы” деген мағына беретінін дәлел ете отырып, бұлардың тайпалар бірлестігі екенін белгілі этнограф М. Мұқанов та алға тартады.