АҚШ аралдық территориялары - Wikiwand
For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for АҚШ аралдық территориялары.

АҚШ аралдық территориялары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Аралдық территориялар (ағылш. Insular areas) — елдің қандай да бір штатының немесе Колумбия округының құрамына кірмейтін АҚШ-тың территориялық иеліктері. Аралдық территория деп протекторат, достастық, еркін ассоциацияланған мемлекет, тәуелді территория және т.б. аталуы мүмкін.

АҚШ-тың бірқатар аралдық территорияларының тұрғындары федералды салық төлемегенмен және президент сайлауына қатыса алмағанмен, АҚШ азаматтары саналады. Аралдық территорияларда өндірілген тауарлар Made in USA белгісіне ие болуы мүмкін.

Аралдық территориялардың құрамына Тынық мұхит пен Кариб теңізіндегі иеліктер кіреді.

Әлем картасындағы АҚШ аралдық территориялары
Әлем картасындағы АҚШ аралдық территориялары
Туы Елтаңба Территориясы Регионы Ауданы
км²
Тұрғындар саны Астанасы Статусы
Пуэрто-Рико Кариб теңізі 9 104 3 700 000 Сан-Хуан Инкорпорацияланбаған ұйымдастырылған территория
Америкалық Виргин аралдары Кариб теңізі 346,36 110 000 Шарлотта-Амалия Инкорпорацияланбаған ұйымдастырылған территория
Гуам Тынық мұхит 541 170 000 Хагатна Инкорпорацияланбаған ұйымдастырылған территория
Солтүстік Мариан аралдары Тынық мұхит 463,63 70 000 Сайпан Инкорпорацияланбаған ұйымдастырылған территория
Америка Самоасы Тынық мұхит 199 60 000 Паго-Паго Инкорпорацияланбаған ұйымдастырылмаған территория
Пальмира Тынық мұхит 6,56 Елсіз Инкорпорацияланған ұйымдастырылмаған территория
Навасса Кариб теңізі 5,2 Елсіз Инкорпорацияланбаған ұйымдастырылмаған территория
Кингмен Тынық мұхит 0,01 Елсіз Инкорпорацияланбаған ұйымдастырылмаған территория
Мидуэй Тынық мұхит 6,23 Елсіз Инкорпорацияланбаған ұйымдастырылмаған территория
Джарвис аралы Тынық мұхит 4,45 Елсіз Инкорпорацияланбаған ұйымдастырылмаған территория
Бейкер аралы Тынық мұхит 1,24 Елсіз Инкорпорацияланбаған ұйымдастырылмаған территория
Хауленд Тынық мұхит 1,62 Елсіз Инкорпорацияланбаған ұйымдастырылмаған территория
Джонстон Тынық мұхит 2,52 Елсіз Инкорпорацияланбаған ұйымдастырылмаған территория
Уэйк Тынық мұхит 7,4 Елсіз Инкорпорацияланбаған ұйымдастырылмаған территория
Қорытынды 10 689 4 110 000

Ескерту: кестеде Пальмира, Навасса, Мидуэй, Джонстон и Уэйк аралдарының ресми емес тулары келтірілген. Ресми ту — АҚШ туы  АҚШ.

{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
АҚШ аралдық территориялары
Listen to this article