From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақбас қаз (лат. Anser indicus) – қазтәрізділер отрядының үйректер тұқымдасына жататын қаздың бір түрі.
Ақбас қаз | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Anser indicus (Latham, 1790) | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Eulabeia indica |
Орталық Азияның биік таулы аймақтарында (Алтай, Тянь-Шань, Памир, Алай), көлдер мен өзендердің аңғарын мекендейді. Басы мен мойнындағы қауырсыны ақ түсті болғандықтан ақбас қаз деп аталған, кейде биік таулы аймақтарда кездесетіндіктен «тау қазы» деп те атайды. Ақбас қаздың салм. 2 – 3 кг, аяғы біршама ұзындау келеді, құрлықта жылдам жүріп, тез жүгіре алады. Тіршілігінің көп уақыты құрлықта өтеді, түлеген кезде ғана суда жүзіп жүреді.
Су жағалауындағы өсімдіктердің тамырымен, жапырағымен, тұқымдарымен, балдырлармен, кейде ұсақ омыртқасыз жәндіктермен қоректенеді. Қазақстанның оңт.-шығыс аймағындағы (Алматы, Жаркент, Райымбек өңірінде), Зайсан қазаншұңқырының сулы-батпақты жерінде кей жылдары кездесіп қалады. Соңғы жылдары саны азайған, қорғауды қажет етеді.[2]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.