From Wikipedia, the free encyclopedia
Жасми́н (лат. Jasminum, парсы: یاس — ясемин) — зәйтүндер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. Ақжұпардың үй жағдайында өсірілетін және бақшада өсетін түрі болады.Ол шырмалып өсетін мәңгіжасыл бұтақты өсімдік. Гүлдері жай және гүлпарлы, ақ, сары, күлгін түсті болады. Бір сабақ басына 4–5 дана гүлден жинақталған. Жақсы күтім жасалса ұзақ тіпті жыл бойы гүлдей береді. Жапырақтары жұмыртқа пішіндес, ұсақ, ашық жасыл түсті болады. Үй жағдайында оның көбінесе көпгүлді jasminum polyanthum және jasminum sambac деген түрлері өсіріледі. Гүлдерінің хош иісі басым болып келеді. Бір тал гүлінің өзі бүкіл бөлмені хош иіске бөлейді. Сонымен қатар, гүлдерін шайға қосып дәмдеуіш ретінде пайдаланады. Ақжұпар балконды гүлдендіруде, қысқы бақ жасауда кең қолданыста. Оны шөмеле тәрізді етіп немесе сабақтарын тіреуішке байлап баспалдақ сияқты өсіруге болады. Шығыс медицинасында ақжұпарды емдік мақсатта қолданады. Оның тамырынан жасалған арнайы қайнатпаларды дәрігерлер операция алдында қабылдауға кеңес береді.[1]
Ақжұпар | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Jasminum sambac 'Grand Duke of Tuscany'
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Үлгілік түрі | ||||||||||||||||
Jasminum officinale L. | ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
200 түрі белгілі |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.