Ақсары (ру)
From Wikipedia, the free encyclopedia
АҚСАРЫ — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша Орта жүздегі Керей (Ашамайлы) тайпасынан таратылады.
Шәкәрім Құдайбердіұлы шежіресінде Ақсары — Тоқымбет, Матақай, Самай руларына бөлінсе, Ө.Ахметовтің шежіре-кітабында Ақсарыдан алты ата — Тоқболат, Ақпамбет, Нұралы, Нұрымбет, Есенәлі, Есенбақты тарайды.
Қостанай өңірін, Ақмола облысының Ақкөл, Макин (Бөрілі) аудандарын, Есіл өзенінің бойын мекендеген.