Аққойлы Мемлекеті - Wikiwand
For faster navigation, this Iframe is preloading the Wikiwand page for Аққойлы Мемлекеті.

Аққойлы Мемлекеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Аққойлы Мемлекеті– 14-15 ғасырларда Тигр өзенінің жоғарғы сағасын, Тебриз, Бақы маңайын мекендеген көшпелі түрік-оғыз тайпаларының мемлекеттік бірлестігі.

Шу, Талас өзендері алабын, Тараз шаһары маңын мекендеген аққойлы руының бір бөлігі осы Аққойлы мемлекетінің негізін қалауға араласқан деген жорамал бар. Ұзын-Хасан билігі тұсында (1453-1478) барынша дәуірлеп, халықар. саясатта маңызды рөл атқарды. Арменияны, Әзербайжанды, қызылбастың батыс өлкелерін, Иракты басып алып, Тебризді астана еткен. Ұзын-Хасан 1463 жылы Венециямен, Рум елімен, Венгриямен одаққа кіріп, Осман сұлтандығына қарсы күресті. 1468 жылы өзінің басты бақталасы Қарақойлы мемлекетін талқандады. 15 ғасырда аяғында ханзадалардың билікке таласынан, халық наразылығынан мемлекет әлсірей бастады да 16 ғасырларда оны Иранның Сефеви әулетінен шыққан І Исмайыл шах басып алады.

Сілтемелер

Дереккөздер

Петрушевский И.П, Государство Азербайджана в 15 в. Сб. статей по истории Азербайджана, Баку, 1949.

Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.Суретті мыннан табуға болады: осы мақаланың тақырыбына байланысты сурет Ортақ қорда табылуы мүмкін; мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз; өзіңіз жасаған суретті жүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).


{{bottomLinkPreText}} {{bottomLinkText}}
Аққойлы Мемлекеті
Listen to this article