Аққыз
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Аққыз» — (шын аты Мүгілсін Ахметқызы; 1897, қазіргі Жезқазған облысының, Балқаш қаласына жақын Қоңырат өңірінің Есалы деген жері — 7.5.1987, сонда) — күйші, әнші.[1]
Тәттімбеттің күйшілік дәстүрін жалғастырған. Шыққан руы Арғын тайпасы Тобықты руының Ақсақ-Дадан бөлімінен[2][3].
Жастайынан күйшілік өнерімен қатар, әншілікті де меңгерген. Қ.Байжанов, М.Ержанов сынды өнер саңлақтарының қасына еріп, ән салып Ә.Хасеновтен күйшілік шеберлігін шындаған.