From Wikipedia, the free encyclopedia
Аққұр(лат. Lagopus lagopus) – тауықтәрізділер отрядының құр тұқымдасына жататын орта денелі құс.
Аққұр | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Аққұр қоразы
| ||||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Lagopus lagopus (Linnaeus, 1758) | ||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||
Lagopus albus |
Ол Қазақстанның солтүстік шығыс және орталық аймақтарында таралған. Аққайыңдар арасында тіршілік етеді. Салмағы 400-900 г, қыста сирағы мен саусақтары тырнағына дейін қалың қауырсынды, жазда қауырсынсыз болады. Басқа тауықтәрізділерден ерекшілігі - бір жылда қоразы 4 рет, мекиені 3 рет түлейді. Қыста түстері аппақ болады, ал жазда түсі тіршілік еткен жеріне сәйкес өзгеріп отырады. Аққұрлар топтанып тіршілік етеді де, көбею кезінде екі-екіден жұп құрады. Жерді шұңқырлап қазып, ішіне шөп төсеп, ұя жасайды. Оған 10-12 жұмыртқа салып, оны мекиені 18-20 күндей басады. Балапандарын мекиені мен қоразы бірігіп асырайды. Олар ағаш бүршігімен, жапырағымен, жемісімен, жаз айларында кейде омыртқасыз жәндіктермен қоректенеді. Аққұр — кәсіптік маңызы бар құс.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.