From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақ дегелек , ләйлек (лат. Ciconia ciconia) – дегелектер тұқымдасына жататын ірі, ақ құс.
Ақ дегелек | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Германиядағы ақ дегелектер
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Ciconia ciconia (Carolus Linnaeus | ||||||||||||||
Шамамен көрсетілген ареалы және ұшатын жолдары
Ұялайтын ареал
| ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Ardea ciconia L. |
Ол Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында ғана кездеседі. Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 15 – 30 жұптай ғана ақ дегелек бар. Кейбір Еуропа елдерінің зоологиялық бақтарында өсіріледі. Тұмсығы түзу, ұшына қарай үшкірлеу келеді. Қанатының ұзындығы 58 – 61 см, салмағы 3,5 – 4 кг. Қанаты қара, тұмсығы мен сирағы қызыл, мекиенінің дене тұрқы қоразынан гөрі кішілеу әрі тұмсығы жіңішкелеу болып келеді. Ақ дегелек тұмсықтарын бір-біріне тиістіріп қана дыбыс шығарады. Ұшқан кезде мойынын алға қарай созып ұшады. Ақ дегелек – жұбын жазбай, бір орынға бірнеше жыл қатарынан келіп, елді мекендерге жақын су айдындарының маңындағы шалғынды, батпақты жазық аңғарларға ұя салады. Жыныстық жағынан 2 – 3 жылда жетіледі. Жылына 1 рет 2 – 5 жұмыртқа салып, оны 32 – 34 күндей мекиені мен қоразы кезектесіп басады. Балапандарын ұядан 70 – 72 күнде ұшырады. Ақ дегелек ұсақ жәндіктермен, сондай-ақ жыланмен, көлбақамен, құрбақамен және кемірушілермен қоректенеді. Ақ дегелек – жыл құсы. Тамыз – қыркүйекте жылы жаққа қоныс аударады. Африка, Азияның оңтүстігінде қыстап шығады да, наурызда қайта ұшып келеді. Кейбір зерттеушілер Ақ дегелекті “ләйлек” деп жазады, қазақ халқы оны “дегелек” деп атайды. Себебі: Ақ дегелек құсына байланысты халқымызда мақал-мәтел, аңыз, әңгімелер көптеп кездеседі. (мысалы, “Жылқының жауы — бөгелек, жыланның жауы — дегелек”, “Дегелек келді жаз болды, бала-шаға мәз болды”). Қазақ халқы Ақ дегелекті киелі құс деп есептейді де, оның ұясын бұзуға, жұмыртқасын алуға, атуға мүлде рұқсат етпейді. Ақ дегелек санының азаюына байланысты қорғауға алынған.[1][2][3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.